«Арсенал» жартылай қорғаушысы Томас Парти карьерасын «Ювентуста» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Рrosports.kz.

La Repubblica ақпараты бойынша, туриндіктер Поль Погбамен болған жанжалға байланысты 30 жастағы ганалық ойыншыға қайта қызығушылық таныта бастады – франциялық футболшының допинг сынамасы оң нәтиже беріп, ол футболдан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін.

Парти «Арсеналда» 2020 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол «зеңбірекшілер» сапынжа барлық турнирлерде 4 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Жартылай қорғаушының «Арсеналмен» келісімшарты 2025 жылға дейін есетелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.