«Бавария» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих Германия мен Жапония құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде (1:4) алған жарақатына байланысты команданың келесі ойынына қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Максимилиан Кохтың мәліметінше, футболшының жамбасынан жарақат алған, оның жағдайы бүгінгі медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

15 қыркүйекте «Бавария» Германия чемпионатында «Байермен» кездеседі. Бундеслиганың осы маусымында 28 жастағы футболшы 3 матч өткізіп, 2 натижелі пас берді.