Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарында қазақстандық спортшылар алтын медалді жиірек еншілеп жүрген спорт түрлерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы саны 155 алтын жүлдеге ие болды.

1.Байдарка мен каноэ есу

Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэ есуден жиі жеңіске жетті. Бұл спорт түрінен біздің спортшылардың 24 алтын медалі бар.

2. Жеңіл атлетика

Біздің спортшылар 23 алтын жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова төрт мәрте Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

3. Бокс

Қазақстандық боксшылар 16 алтын медаль жеңіп алды. Әр жылдары Ермахан Ибраимов, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы сияқты атақты былғары қолғап шеберлері құрлық чемпиондары атанды.

4. Оқ ату

Отандық мергендердің қоржынында Азия ойындарының 14 алтын медалі бар.

5. Ауыр атлетика

Қазақстан құрамасының 12 алтын медалін ауыр атлеттер алып келді.

6. Грек-рим күресі

Ал грек-рим стиліндегі отандық балуандар Азия ойындарында 9 рет жеңіске жетті. Нұрмахан Тыналиев екі рет, 2010 және 2014 жылдары тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.

7. Велоспорт

Қазақстандық велошабандоздар 8 алтын медаль жеңіп алды. Мысалы, Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан Азиадада үш мәрте жеңіске жетті.

8. Су добы

Су добынан еліміздің ерлер құрамасы - соңғы үш Азиадада қатарынан чемпион атанды.

9. Көркем гимнастика

2018 жылғы ойындарда қазақстандық гимнасттар 2 жиынтық алтын жүлдеге ие болды.

10. Каратэ

XIX Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында ҚХР-ның Ханчжоу қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Құрлық біріншілігінде 40-тан астам спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады.