23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) Азия ойындары өтеді, онда Қазақстан велоспорт құрамасы үш спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: шоссегі велоспорт, тректегі велоспорт және маунтинбайк, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kcfkz сайтына сілтеме жасап.

Шоссегі велоспорт жарысына Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Евгений Федоров және Глеб Брусенский қатысады. Төрт спортшы да топтық жарысқа тіркелген. Жекелей жарыста Алексей Луценко өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы топтық жарыста Рината Сұлтанова мен Махаббат Үмітжанова Азия ойындарында жүлдеге таласады. Жекелей жарыста Рината Сұлтанова өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, маунтинбайк құрамасы сапында құрлықтың басты спорттық жарысына Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алина Саркулова және Татьяна Генелева аттанады.