Грекия құрамасының төрт ойыншысы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 6-шы турындағы Гибралтарга қарсы ойынға (5:0) команда басшылығының ақылға қонымсыз қателігінен алаңға шықпады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойынға қорғаушы Костас Цимикас, сондай-ақ жартылай қорғаушылар Димитрис Курбелис, Манолис Сиопис және Петрос Манталос қатысқан жоқ. Голландиямен өткен кездесуде олардың барлығы сары қағазға ие болды, бұл олардың осы іріктеу кезеңіндегі екінші ойыны болды. Грекия құрамасының басшылығы футболшылардың Кипрге қарсы алаңға тым көп ескерту қағазын алғандықтан шығуға құқығы жоқ деп есептеді, бірақ Еуро іріктеу кезеңіндегі ережеге сәйкес, ойыншы үш сары қағаз алған соң ойынды өткізіп жібереді.

Грекияның The President басылымының хабарлауынша, команданың техникалық директоры Костас Константинидис пен спорт директоры Такис Фиссас қателіктерін мойындады. Грекия футбол федерациясының басшысы Такис Балтакос бұл факті бойынша тергеу басталғанын, оның нәтижесі жақын күндері белгілі болатынын айтты.