«Ақсудың» бұрынғы шабуылшысы Луис Гуедес Мальтаның «Хибернианс» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы бразилиялық Хиберниансқа еркін агент ретінде қосылды. «Жаңа саяхат басталады. Қош келдіңіз, Луис Гуедес! — деп жазды клубтың баспасөз қызметі Instagram желісінде.

Қазақстан Премьер-Лигасының 2023 жылғы маусымында Луис Гуедес «Ақсу» сапында сегіз матч (жетеуі қосалқы құрамда) өткізіп, бір гол да соға алмады. Бұған дейін бразилиялық футболшы тағы бір қазақстандық клуб – «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен.