35 жастағы Жалғас Жұмағұлов Naiza президенті Нұрбек Қарабаламен подкастта Америкаға оралу жоспарымен бөлісіп, неге Naiza-да өнер көрсетуді таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Америкаға екінші қадам жасағым келеді. Bellator немесе UFC. Менде мүмкіндік бар. Матчмейкермен сөйлестік, ол маған бірнеше жекпе-жекте жеңіске жетсем, UFC-ге қайтаратынын айтты. Қазір мен Naiza ұйымын таңдадым, себебі қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы №1 лига, ол қазірдің өзінде бүкіл ТМД және әлемге танымал. Жұртшылыққа, жанкүйерлерімізге шоу қойғым келеді», – дейді Жалғас.

Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі қашан, кімге қарсы өтетіні әлі белгісіз. Жалғас UFC-ден төрт жекпе-жектен жеңіліп қалды, оның америкалық промоушендегі рекорды 1-6.