«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тан зәулім үй сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйгілі футболшы сатып алған теңіз көрінісі бар үй Майамиден 45 шақырым жерде Флориданың оңтүстігіндегі шығыс жағалауындағы курорттық қала Форт-Лодердейлде орналасқан.

Үйдің жалпы ауданы 976 шаршы метрді құрайтын сегіз жатын бөлмесі бар, аумағында бассейн, спорт залы және СПА, сондай-ақ екі пирс бар. Оның құны 10 миллион еуродан асады.

Месси үшін бұл зәулім үйдің артықшылығы – клубтың жаттығу орталығы мен стадионына жақын орналасуы.

36 жастағы Месси «Интер Майами» сапында 11 матчта 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.