Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өткен ойыннан кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама үш саты жоғарылап, 101-орынға жайғасты.

7 қыркүйекте Магомед Адиев шәкірттері Финляндия құрамасынан (0:1) жеңілсе, үш күннен кейін Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің H тобында 12 ұпаймен төртінші орында тұр.