Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойында «Ордабасы» қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді.

Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы дбютін 2014 жылы 5 наурызда Түркияда Литва құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:1) өткізді.

1992-2023 жылдары Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылар:

1. Самат Смақов – 76 матч;

2. Руслан Балтиев – 73;

3. Сергей Малый – 65;

4-6. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;

4-6. Юрий Логвиненко – 58;

4-6. Исламбек Қуат – 58.