Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA-250 турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцеваның қарсыласы ресейлік теннисші Диана Шнайдер болды. Ол қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

1/8 финалда Путинцева Ресейдің тағы бір өкілі Валерия Савиныхпен кездеседі.