Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай Қазақстан - Солтүстік Ирландия арасындағы матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Жеңгенімізге өте қуаныштымын! Ойын ұмытылды, есеп қалады! Мен агрессивті футбол күттім. Ойын жағынан ирландиялықтар кем түспеді деп ойлаймын – көп жағынан олар тіпті бізден басым болды. Ерте гол соғып, басымдылықты сақтай алғанымыз жақсы болды, - деді ол.