Қыркүйектің 11-нен 12-сіне қараған түні Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл біздің құраманың топтағы екінші ойыны.

Ал Бельгия футболшылары алғашқы ойынын өткізгелі отыр.

Қазақстан жастар құрамасы «В» тобында Испания, Венгрия, Шотландия, Мальта және Бельгиямен бірге бақ сынайды.

Матч Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады, тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.