Сербиялық теннисші Новак Джокович US Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Джокович ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті. 3 сағат 16 минутқа созылған кездесу 6:3, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Осылайша, 36 жастағы Новак Кен Роузуоллдың рекордын (35 жас) озып, АҚШ-тың ашық чемпионатының ең егде чемпионы атанды.