Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елена Рыбакина 4-орында қалды.

Рейтинг көшбасшысы Беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Швентек 2-орынға төмендеді. Үздік үштікті Гауфф түйіндеді.

11 қыркүйектегі WTA рейтингі:

1 (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 9266 очков

2 (1). Ига Швентек (Польша) — 8195

3 (6). Кори Гауфф (АҚШ) — 6165

4 (4). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5790

5 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 5755

...88. Юлия Путинцева (Қазақстан) - 767

492. Жібек Құламбаева (Қазақстан) - 101

621. Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) - 62

829. Аружан Сағындықова (Қазақстан) - 29

864. Анна Данилина (Қазақстан) - 26