Қазақстан шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты. Біздің шахматшылар жартылай финалда Францияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Қамалиденова, Алуа Нұрманова мен Амина Қайырбекова өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасы финалда Грузиямен кездеседі. Олар жартылай финалда АҚШ-ты жеңген болатын.

Матч 11 қыркүйекте 18:00-де басталады. Командалық әлем чемпионаты Польшада өтіп жатыр.