Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астанада өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 27-минутта шабуылшы Максим Самородов соқты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин стадионнан тамашалады.
Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаев пен Головкиннің гол соғылған сәттегі реакциясы түсірілген видео жариялады.
Комментарии