Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

27-ші минутта Абзал Бейсебековтен пас алған Максим Самородов есепті ашты. Бірінші тайманан соң Қазақстан 1:0 есебімен алда келеді.

Ойын Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өткен соңғы кездесуінде Финляндия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, Солтүстік Ирландия құрамасы сырт алаңда Словения құрамасынан (2:4) ұтылды.