UFC 293 турнирінің қорытындысы бойынша бонус алатын файтерлер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 9 қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні Сиднейде (Австралия) өтті.

Америкалық Шон Стрикленд пен австралиялық Джастин Тафаға «кештің үздік өнері» үшін 50 мың доллар бонус беріледі.

Кештің басты жекпе-жегінде Стрикленд орта салмақтағы чемпион жаңа зеландиялық Исраил Адесаньяны жеңіп, одан титулды тартып алды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Тафа өз кезегінде америкалық Остин Лейнді нокаутқа түсірді.

Анголалық Манел Кейп пен бразилиялық Фелипе дос Сантос «кештің ең жақсы жекпе-жегіне» бірдей мөлшерде бонус алады. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылды, Капе де төрешілер шешіммен жеңіске жетті.