Қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні Сиднейде (Австралия) аралас жекпе-жектен UFC 293 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы (84 келіге дейін) жаңа зеландиялық Исраэль Адесанья бесінші орындағы америкалық Шон Стриклендке қарсы шықты.

Жекпе-жек бес раундқа созылды және Стрикленд төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, сәуір айында UFC 287 турнирінде өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Адесанья реванш кездесуінде бразилиялық Алекс Перейраны нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қайтарып алған болатын. Шілде айында ESPN 48-те UFC турнирінде Стрикленд неміс Абусупян Магомедовты екінші раундта ұтты.