ЭКСПО алаңында «Футбол жолы» спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.

Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ, жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.