ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» сырт айдында омдық «Авангардтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде айдын иелері 4:1 (0:0, 1:1, 3:0) есебімен жеңді.

Омдықтар сапында Игорь Гераськин, Либор Шулак, Владимир Ткачев пен Райан Спунер шайба салды. Ал астаналықтардан жалғыз шайбаны Нельсон Ножье соқты.