Тарек Абдесселем Ұлттық құраманың бас бапкері атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Тарек Абдесселем WKF каратеден Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін еліміздің Ұлттық құрамасында бапкердің кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазақстандық каратешілер мен Тарек Абдесселем бірлесіп, осы уақытқа дейін халықаралық кешенді жарыстар мен түрлі турнирлерде айтарлықтай нәтиже көрсетіп келе жатыр. Мәселен, Джакартада өткен 18-ші жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын, 1 күміс және 1 қоламен толыққан.

Ал WKF карате Олимпиада бағдарламасына алғаш рет қосылған Токиодағы ойындарда екі қазақстандық қола жүлдеге қол жеткізді (Дархан Асаділов пен Софья Берульцева).

Тарек Абдесселем спортшы ретінде 2001-2013 жылдар аралығында Франция құрамасының сапында көптеген халықаралық бәсекеге қатысқан.