ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» сырт айдында омдық «Авангардтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде айдын иелері 4:1 (0:0, 1:1, 3:0) есебімен жеңді.

Омдықтар сапында Игорь Гераськин, Либор Шулак, Владимир Ткачев пен Райан Спунер шайба салды. Ал астаналықтардан жалғыз шайбаны Нельсон Ножье соқты.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 11 қыркүйекте сырт айдында мәскеулік «Динамоға» қарсы өткізеді.

«Авангард» (Ом) - «Барыс» (Астана) 4:1 (0:0, 1:1, 3:0)

0:1 - Ножье (Барбер) - 21:051:1 - Гераськин (Панюков, Николишин) - 35:542:1 - Шулак - 50:093:1 - Ткачев (Спунер, Буше) - 54:004:1 - Спунер (Михайлов, Ткачев) - 59:24

Қақпашылар: Демченко - Паскуале