Бірнеше аптаға созылған келіссөздерден кейін «ПСЖ-ның» екі ойыншысы Марко Верратти мен Юлиан Дракслер Катар лигасына ауысатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

L'Equipe ақпараты бойынша, италиялық жартылай қорғаушы Марко Верратти Франция астанасында он жылдан астам уақыт өткізгеннен кейін жақын күндері «Әл-Арабиге» ауысады. Жартылай қорғаушы жеке келісімшартының талаптары бойынша катарлық клубпен келісімге келген. Трансфер құны 40-50 миллион еуро құрайтыны хабарланды. Енді Верратти медициналық тексеруден өтуі керек.

Сонымен қатар, Верраттидің қазіргі әріптесі, неміс вингері Юлиан Дракслер де Катар чемпионатына ауысады. Ойыншы «Әл-Ахли» (Доха) сапына қосылады.