Неймар аты аңызға айналған футболшы Пеледен асып түсіп, Бразилия құрамасының тарихындағы үздік бомбардир атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Боливияға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Неймар есепті 61-минутта 4:0-ге жеткізді, бұл оның Бразилия үшін 78-ші голы.

Пеле бір гол кем соқты – 77.

Айта кетейік, кездесудің өзі 5:1 есебімен аяқталған.