Бішкекте өтіп жатқан OCTAGON 49 ивентінде прелим-кардтың үшінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта өзбек файтері Азизхон Азимов (2-2) қырғызстандық Мирлан Мирзамаматовпен (4-2) күш сынасты.

Бұл кездесуде Азизхон басым болды. Ол үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) пен мысырлық Махмуд Мохаммед Афиа (5-5) кездеседі.