Бішкекте Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 49 турнирінде бастапқы кардтың екінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта тәжірибелі қазақстандық файтер Самбет Найманбаев (4-6) пен 19 жастағы қырғыз спортшысы Кенжебек Абдраимов (5-4) кездесті.

Үш раунд бойы қырғызстандық файтер басым болып, жекпе-жекті өз жеңісімен аяқтады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) пен мысырлық Махмуд Мохаммед Афиа (5-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 49 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink