Бішкекте басталған OCTAGON 49 турнирінде алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық екі файтер Әли Мамытхан (0-1) мен Нематулла Даут (1-0) кездесті.

Жекпе-жек алғашқы раундтың екінші минутында аяқталды, Даут қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл кездесуде Немутулла Даутқа оның Triumph Fights-тағы клубтасы қазақстандық Бекзат Алмахан көмектесті, оны сарапшылар UFC-ге басты үміткер санайды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) пен мысырлық Махмуд Мохаммед Афиа (5-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 49 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink