Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға келеді.

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Головкин Instagram-парақшасында.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді.