Быдгощ қаласында (Польша) жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды. Турнирге 12 команда қатысып жатыр. Олар екі топқа бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. Алдын ала өткен турнир қорытындысы бойынша екі үздік команда анықталады.

Олар кубок жүйесі бойынша 1-4 орындарды өзара бөліспек.

Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойынын тең аяқтады).