Wasserman Boxing промоутерлік компаниясы әлеуметтік желіде жанкүйерлерді британиялық кіші Крис Юбэнктың келесі қарсыласын атауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Нұсқа көп, бірақ Крис Юбэнк үшін кім бірінші болады?» - деп жазды компания баспасөз қызметі.
Ұсынылған үміткерлер арасында орта салмақтағы бұрынғы титул иегері Геннадий Головкин де бар.
Геннадий соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегаста өткізген болатын. Мексикалық Сауль Канело Альвареспен трилогияда ол төрешілер шешімімен ұтылды.
Биыл қазақстандық боксшы WBA және IBF чемпиондық титулдарынан бас тартты.
Комментарии