7 қыркүйекте Сегед қаласында (Венгрия) футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Венгрия мен Қазақстан жастар құрамасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері келесі кездесуін қыркүйектің 11-нен 12-сіне қараған түні Бельгияға қарсы өткізеді. Ойын Левен қаласындағы «Ден Дриф» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады.