19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Словения Ұлттар кубогы-2023» халықаралық турнирінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу матчында қазақстандықтар Португалия құрамасына қарсы ойнады. Кездесу 2:3 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Еске салайық, турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Португалия, Мексика, Исландия, Словения, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің жастар құрамалары қатысуда. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Португалия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінен келген құрдастарына қарсы ойнайды.