Розенбергте (Техас, АҚШ) өтетін бокс кешіне билеттер құны белгілі болды, басты шайқаста орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады деп хабарлайды Prosports.kz.

Fort Bend Epicenter аренасында ең арзан билеттерді 35 доллардан сатып алуға болады, бұл 16 000 теңгеден сәл асады. Орташа баға санатындағы билеттер 50 және 75 долларға (сәйкесінше шамамен 23 және 35 мың теңге) сатылады. Трибуналардағы және рингке жақын маңдағы орындықтар 100 және 125 доллар тұрады, бұл теңгемен есептегенде шамамен 46 000 және 58 000.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 15 қазан күні таңертең өтеді.