Әуесқой ММА бойынша әлем чемпионы қазақстандық Бекзат Жасия Alash Pride промоушенінің жеңіл салмақтағы уақытша титулына таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы ресейлік файтер Давид Джибилов болмақ. Чемпион атағы қазір тағы бір қазақстандық Рауан Бекболатқа тиесілі, бірақ ол жарақатына байланысты белбеуін қорғаудан бас тартуға мәжбүр болды.

Жасия — Джибилов жекпе-жегі 12 қазанда Өскемендегі турнир аясында өтеді. Айта кетейік, қазақстандық файтер 2022 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) 65,8 келіге дейінгі салмақта ММА-дан әлем чемпионы атанған.