Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Севильяда (Испания) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда отандасымыз испаниялық Диего Аугусто Баррето Санчесті жеңді. Қорытынды есеп - 6:4, 6:4. Кездесу 2 сағат 2 минутқа созылды.

Ширек финалға шығу үшін Михаил Кукушкин отандасы Тимофей Скатовпен кездеседі.