6 және 9 қыркүйекте УЕФА әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының бірінші турының матчтары өтеді, онда «Аполлон» (Кипр), Люботен (Солтүстік Македония), «Мура» (Словения) және «Самегрело» (Грузия) командалары ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Prosports.kz.

6 қыркүйекте өтетін «Аполлон» - «Люботен» арасындағы жартылай финалдық кездесудің бас төрешісі Татьяна Сорокопудова болса, бұл ойынға көмекші болып Динара Ыдырысова тағайындалды.

Жартылай финалда жеңілген қос команда арасындағы кездесуде бас төрешінің көмекшісі Динара Ыдырысова болады. Төртінші төреші қызметін Татьяна Сорокопудова атқарады.