Нью-Йоркте өтіп жатқан теннистен АҚШ ашық чемпионатында (US Open) отандасымыз Анна Данилина аралас жұпта үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz.

Данилина Үлкен Дулыға турнирінің ширек финалында фин теннисшісі Харри Хелиоваарамен тізе қоса отырып, қытайлық Ифан Сюй және бельгиялық Йоран Флигенге қарсы өнер көрсетті. Данилина мен Хелиоваара қарсылас жұпты 7:5, 7:6 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Ойын 1 сағат 41 минутқа созылды.

Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.