Hardcore Boxing Fan Youtube арнасының авторы Макс Календрилло қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Прайм GGG 160-тан 168 фунтқа дейінгі кез келген боксшыны жеңеді», - деп жазды Календрилло Twitter-де.

Айта кетейік, Геннадий Головкин бүкіл кәсіби мансабында WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болған.

Ол соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізіп, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестен (59-2-2, 39 КО) бірауыздан ұтылған. 41 жастағы қазақстандықтың рингке оралуы немесе мансабын аяқтауы әзірге белгісіз