Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңарған рейтингінде қазақстандық төрт боксшы енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр салмақтағы ТОП-10 тізімді Иван Дычко (13-0, 12КО) түйіндеп тұр. Бұл салмақтағы WBA чемпиондық белбеуі украиналық Александр Усикке (21-0, 14КО) тиесілі.

Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) супер орта салмақтағы рейтингте оныншы орында тұр. Мексикалық Сауль Альварес (59-2-2, 39КО) осы дивизиондағы абсолютті әлем чемпионы саналады.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек (15-0, 11КО) алтыншы орында. Бұл салмақтағы чемпиондық атақ доминикандық Гектор Луис Гарсияға (16-1, 10КО) тиесілі.

WBA белбеуіне ең жақын Евгений Павлов (10-0, 8КО). Ол екінші жеңіл салмақ дәрежесінде төртінші орында тұр. Бұл дивизиондағы чемпион филиппиндік Марлон Тапалес (37-3, 19КО).