Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес әлемнің ең үздік боксшылары кім екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ең жақсы pound-for-pound боксшысы кім? Қай мағынада? Техника жағынан ба, ақша табу мүмкіндігі ме, әлде аудиторияның қызығушылығы ма? Мен үшін pound-for-pound көшбасшысы боксты басқаратын жігіт, бұл Канело. Ол ең көп табыс табады, сондықтан «Канело» бокстың бет-бейнесі.

Менің ойымша, Теренс Кроуфорд екінші орында. Ол Канело сияқты табыс табады. Оған ақша табу үшін «Канеломен» төбелесудің қажеті жоқ. Ол бізге теледидар үшін өте құнды екенін, оны көру қызық екенін дәлелдегендей болды. Үшіншісі Тайсон Фьюри», - деді Санчес YouTube-тегі K.O. Artist Sports арнасына берген сұхбатында.