Сербиялық теннисші Новак Джокович US Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы хорватиялық Борна Гойо болды. 2 сағат 25 минутқа созылған кездесу 6:2, 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Джоковичтің келесі қарсыласы америкалық Тейлор Фритц болады.

US Open. Ерлер

Төртінші айналым

Новак Джокович (Сербия, 2) — Борна Гойо (Хорватия) — 6:2, 7:5, 6:4