Солтүстік Ирландия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Қазақстан құрамасымен сыртта өтетін ойыны алдында құрамға қатысты күрделі мәселелерге тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Солтүстік Ирландия құрамасының бас бапкері Майкл О’Нил екі жарақат алған футболшыларды ауыстырды.

Шейн Лавери («Блэкпул») мен Дейл Тейлордың («Бертон Альбион») орнына «Болтон» қорғаушысы Эоин Тоал мен «Уиган» вингері Джордан Джонс шақырту алды.

Еске салайық, Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчы 10 қыркүйекте Астанада өтеді.