Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын Ресейдің «Салават Юлаев» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Десе де, алғашқы голды ресейлік клуб хоккейшілері соқты. Олардың қатарынан Александр Хмелевски 12, Владислав Ефремов 24,Александр Шаров 45-минутта өзінің еншісіне жазды.

Ал, 50-минутта «Барыс» сапынан Темирлан Гайтамиров есеп айырмасын қысқартса, 55-минутта Понтус Оберг тағы бір шайба енгізді.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Енді олар 4 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» командасын қабылдайды.

Ал, 7 қыркүйекте Новосібірде «Сибирьмен» тағы бір мәрте кездессе, 9, 11 қыркүйекте сырт алаңда ресейлік «Авангард» (Омбы), «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.