Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команданың алғашқы қарсыласы уфалық «Салават Юлаев» болды. Андрей Скабелка шәкірттері 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Кейін «Барыс» есеп айырмасын қысқартқанымен таразы басын теңестіре алмады.

Елордалық клуб сапында Тамирлан Гайтамиров пен Понтус Оберг шайба салды. «Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) 2:3

0:1 Хмелевский, 12:51. 0:2 – Ефремов (Лещенко, Науменков), 24:18. 0:3 – Шаров (Шмелев, Хафизуллин), 45:56. 1:3 – Гайтамиров, 50:18. 2:3 – Оберг (Грант, Барбер), 55:34.

Қақпашылар: Паскуале - Самонов

Фото: hcbarys.kz