Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен сол салмақтағы IBF титулының иегері Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Титул біріктіретін кездесу 14 қазанда Розенбергте (Техас, АҚШ) өтеді. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша шара 15 қазан күні таңертең өтеді.

«Жәнібектің әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшы екеніне еш күмәнім жоқ. Оны мықты чемпион Винченцо Гуальтьериді жеңу арқылы тағы бір дәлелдеуге мүмкіндігі бар. Top Rank Fort Bend Epicenter-де бірінші бокс кешін өткізуге қуанышты, бұл Хьюстондағы жанкүйерлер үшін нағыз қуаныш болады», - деді Арум пресс-релизінде.