Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Спорт Шредингера телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 14 қазанда Хьюстон қаласы (Техас штаты) маңындағы Розенбергте орналасқан Fort Bend Epicenter-де өтеді.

Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғайды, ал Гуальтьери шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, қол жеткізген IBF белбеуін алғаш рет қорғайды. Екеуі де титул біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шыққалы отыр.

Қазақстандық боксшылар арасында Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Геннадий Головкин белбеу біріктіретін жекпе-жектерге қатысқан, бірақ Головкин ғана жеңіске жетті.