Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен:

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды», - делінген Akorda.kz сайтында.

Айта кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Қазақстанда аралас жекпе-жек трансляцияларына шектеу қойылатынын айтқан болатын.