Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубына ауысқан Бахтияр Зайнутдинов түрік клубының атмосферасына еніп, жанкүйерлерін қуантты, ал матчтан кейін клуб бүкіл стадионға домбыра үнін қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске салайық, «Тараз» футбол клубының шәкірті Бахтияр Зайнутдинов дебюттік кездесуінде түрік «Бешикташына» жеңіс әкелген болатын.

3 қыркүйекте «Бешикташ» суперлиганың төртінші турында «Сиваспормен» ойнайды, Бахтияр осы кездесуден кейін бірден ұлттық құрамаға аттанады.

Алматылық орындаушы Aididau Батеканың бірінші голынан кейін домбырамен «Бешикташ» жанкүйерлерінің әнін орындады. Видео Түркияда желіге тарап, әнші қыз Киевтің «Динамосына» қарсы ойынға шақырылды.